Орал қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері облыстың зиялы қауымымен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Делегацияны ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Жалпыұлттық коалициясы төрағасының орынбасары Аида Балаева бастап келді. Талқылауға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті депутаттары, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғамдық ұйымдардың, өңірдің заңгерлік және сарапшылық қауымдастығының өкілдері қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо