Дихандар үшін көктемнің әр күні қымбат. Сондықтан далалық жұмыстарға ерте дайындалған шаруалар уақытылы тұқым себуге қамданып отыр. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтті. Күн тәртібінде көктемгі далалық жұмыстарға дайындық және суармалы жерлердің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Кеңеске ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің егіншілік департаментінің директоры Назгүл Хатепова арнайы қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо