Былтыр аймақта 1 млрд теңгеге жуық жалақы берешегі өтеліп, мыңдаған адамның құқығы қорғалған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек инспекциясы басқармасының басшысы мәлімдеді. Бүгінде еңбек қатынастарын заңдастыру, жалақының уақытылы төленбеуі және өндірістік қауіпсіздік мәселелерін шешуге ерекше назар аударылып отыр. Айта кетейік, жуырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп, нақты тапсырмалар берілген болатын. Үкімет басшысының орынбасары Аида Балаева қатысқан жиында еңбек шарттарын цифрландыру, бейресми жұмыспен қамтуды азайту және өндірістік жарақаттанудың алдын алу басым бағыт ретінде айқындалған. Өңірде бұл міндеттер қазір қалай орындалып жатыр?
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо