2025 жылы тыйым салынған тауарларды заңсыз әкетудің 219 дерегінің жолы кесілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткізілген брифингте БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ермек Алғазиев мәлімдеді. Сондай-ақ өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 562,9 млрд теңге көлемінде салықтық түсімдер қамтамасыз етілді. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо