Қазталов ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық штабының мүшелері түсіндіру жұмыстары аясында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді. Басқосудың мақсаты – ел дамуының жаңа кезеңіне бағытталған Ата Заңды жан-жақты түсіндіру. Жаңарған Конституция жобасына қатысты өз ойларын айтқан мамандар алдағы саяси науқанға азаматтық үн қосу ел болашағы үшін маңызды дейді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо