ҚР Парламенті Сенатының депутаты Арман Өтеғұловтың өңірдегі жұмыс сапары жалғасуда. Бұл жолы халық қалаулысы Батыс Қазақстан облысының коалиция мүшелерімен бірге Тасқала ауданындағы еңбек ұжымдарымен кездесті. Басқосуда Конституцияның жаңа жобасы кеңінен түсіндіріліп, тұрғындардың сауалдарына жауап берілді. Заң шығарушы билік пен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты нығайтуға ықпал ететін мұндай іс-шаралардың мақсаты — халық пікіріне құлақ асу және жаңа жобаны жан-жақты талдап, елге жеткізу.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо