«Домбыра – ұлттық рух» музейінде киелі аспапты жасау шебері, жерлесіміз Сансызбай Ахметовтың шығармашылығына арналған авторлық көрме ұйымдастырылды. Көрме ұлттық саз аспабын жасаудың дәстүрлі және заманауи әдістерін кеңінен таныстыруға бағытталған. Іс-шараға шебердің шәкірттері мен өнер сүйер қауым қатысты.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо