Орал қаласындағы №5 емханада ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Рысбекова мен облыстық коалиция өкілдері медицина қызметкерлерімен кездесті. Ашық әрі еркін пікір алмасуды көздеген басқосуда өңірдегі денсаулық сақтау саласының бүгінгі ахуалы және жаңа Конституция жобасындағы медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесу барысында емхана ұжымы кәсіби қызметке қатысты көкейлеріндегі сауалдарын қойып, нақты жауап алды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо