Орал қаласында кәсіпкер өз қызметкеріне баспана сыйлады. Зашаған кентінде өткен салтанатты іс-шарада «Садирова Ардақ Жақыпқызы» ЖШС-нің директоры Ардақ Садирова ұзақ жылдар бойғы адал еңбегі үшін қызметкеріне 1 бөлмелі пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады. Кәсіпкер 2012 жылдан бері шағын бизнес саласында қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда 10-нан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі болған бастама көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо