Батыс Қазақстан облысында 37 табиғи монополия кәсіпорнының жұмысы 47 қызмет түрі бойынша реттеледі. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті БҚО бойынша департаментінің басшысы Гүлжаз Қазбекованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингінде осылай деп мәлім етті. Олардың қатарында электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, су бұру, газ тасымалдау және кірме жол қызметтері салаларында жұмыс істейтін ұйымдар екені айтылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо