Оралда тұңғыш рет «Oral Winter Fest – 2026» қысқы спорт фестивалі өтті. Екі күнге созылған ауқымды іс-шара өңір тарихындағы айтулы ірі спорттық оқиғалардың біріне айналды. Оның аясында құсбегіліктен ересектер арасында Қазақстан Республикасының XIX чемпионаты, сондай-ақ ұлттық, экстремалдық және дәстүрлі қысқы спорт түрлерінен сайыстар өтті. Тазы жарысы, жамбы ату, шаңғымен жамбы ату, автодрифт, шаңғы жарысы, керлинг, коньки тебу және қысқы баскетбол ұйымдастырылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо