Бүгін қала үстіне ақ ұлпа қар баяу ғана төгіліп, тіршілікті бір сәт ақ күміспен көмкергендей . Көшелер мен алаңдарды жапқан қар Оралға ерекше бір тазалық пен тыныштық сыйлап тұрғандай. Самал желмен бірге ұшқан қар ұлпалары шам жарығында жылтырап, ертегідей көрініс түзеді. Жайықтың жағасы ақ көрпеге оранып, қыстың салқын тынысын сездіріп тұр.
Қысқы Орал – сабыр мен сұлулықтың, тазалық пен ойға шомудың шаһары іспетті. Ақ қармен астасқан қаланың қарбалас тірлігі бір сәтке баяулап, жаңа жыл мен жаңа күнге, жаңа үмітпен дайындалып жатқандай әсер қалдырады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо