Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ұжымы 75 жасқа толған ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Балуаш Траисовқа құрмет көрсетті. Жастайынан еңбекпен тәрбиеленген Балуаш Бақышұлы бұрын Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты деп аталған осы жоғары оқу орнында білім алып, кейін аға ғылыми қызметкер болып еңбек жолын осы жерден бастаған. Сатылай өрілген қызметтік мансабында Балуаш Бақышұлы институт жанындағы «Зерде» ғылыми-өндірістік орталығының директоры, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректор, «Мал шаруашылығы және агробиотехнология» департаментінің директоры, «Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебінің профессоры болып абыройлы еңбек етті.



#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо