Орал қаласында ағалы-інілі жас кәсіпкерлер Рысбек пен Райымбек Даниярұлдары табанды еңбектің арқасында бірнеше саланы қатар дамытып, нәтижеге қол жеткізіп келеді. Бүгінде олар кәсіптерінен түскен табысты білім мен ұстаз мәртебесін арттыруға бағыттап отыр. Жас кәсіпкерлер өздері басқарып отырған өнер ордалары мен мектептердің үздік мұғалімдерін марапаттап, өз қаражаттарына бағалы сыйлықтар мен шетелге саяхатқа жолдамалар табыстады.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо