Оралдағы «Атамекен» концерт залында Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің құрылғанына 25 жыл толуына орай «Ширек ғасыр шабыты» атты мерейтойлық іс-шара өткізілді. Кеш басындағы салтанатты рәсімде Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясына ресми түрде академиялық мәртебе берілгендігі туралы сүйінші хабар жеткізілді. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо