Өңірде өткен демалыс күндері күн райы күрт бұзылды. Желдің екпіні секундына 15–20, кей жерлерде 28-30 метрге дейін жетті. Көктайғақ пен тұман болып, бұрқасындатып әрі толассыз қар жауды. Қолайсыз ауа райының салдарынан Орал қаласының Зачаган кенті мен Жәнібек, Бөкей ордасы, Тасқала, Казталов және Бәйтерек аудандарында электр жарығы сөнді. Жолдар жабылып, әуе рейстері кейінге шегеріліп, бірнеше нысанның шатыры ұшты. Боранды күні адасып кеткен тұрғындар мен көліктер сынып, жолда қалған жолаушылар құтқарылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо