Бүгін «Uniserv Medical Center» клиникасында реконструктивті гинекология орталығы салтанатты түрде ашылды. Әлем бойынша нәзік жандылар арасында ерекше сұранысқа ие медициналық қызмет енді Орал қаласы тұрғындары үшін де қолжетімді болмақ. Бөлімшеде инновациялық озық тәсілдермен ота жасалып, ағзаның қалыпқа келу кезеңінде ерекше қолдау көрсетіледі. Швейцариялық медициналық жабдықтармен және халықаралық талаптарға сай жоғары сапалы еуропалық құралдармен қамтамасыз етілген клиникада емделушінің жайлылығы үшін барлық жағдай жасалған.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо