БҚО ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің форумы өтті. Ауқымды іс-шараға Орал қаласы мен аудандардағы 157 кеңестің өкілдері қатысты. Биылғы жұмысты қорытындылап, келер жылға жоспарды нақтылады. Маңызды міндеттер қатарында нашақарлық және лудоманиямен күрес, жастарды жағымсыз әрекеттерден сақтандыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау бар.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо