Салтанат сарайында «Oral jastary: Еңбек мамандары алаңы» форумы өткізілді. Шара барысында жастарды қолдау, еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер мен кәсіби даму жолдары кеңінен талқыланды. Жастармен кездесуге Орал қаласы әкімінің орынбасары Аслан Тапишев, сондай-ақ «Отбасы Банк» АҚ облыстық филиалының, Мансап орталығы мен қалалық білім басқармасының өкілдері қатысты. Форум аясында жұмысшы мамандықтар жылы қорытындыланып, «Жыл үздігі -2025» аталымдары бойынша үздіктер марапатталды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо