Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған маманандырылған көпбейінді спорт кешені ашылды. Бұл нысан өңірдегі мүмкіндігі шектеулі адамдардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Ақжайық» шағын ауданында үстел теннисі орталығының қадасы қағылды. Аталған жобаларға әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қаржыландырумен айналысатын «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры ұйытқы болған.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо