«Атамекен» өнер ордасында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ақын, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаеваның «Аңсадым алақаныңды...» атты поэтикалық кеші өте әсерлі өтті. Күллі дүние жүзі қазақтарын «Барып қайт, балам, ауылға...» өлеңімен тәнті еткен ақынның кешіне елімізге танымал ақындар мен өнер тарландары келіп қатысты. Кеште облыстық кітапхана қорынан «Жалынды сөздің иесі» тақырыбында ақын шығармашылығынан кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо