Облыстық көпбейінді аурухананың Гастро-гепатоорталығында ұйқы безі мен бауыр обырының алдын алу мақсатында кезекті ашық есік күні өтті. Бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Науқастар арнайы жабдықтардың көмегімен тексеруден өтіп, қандай да бір қауіп анықталса,оларға қажетті ем-дом шаралары жасалып, қосымша бақылау тағайындалады.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо