Өңір жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күтімін сапалы ұйымдастыру мәселесі облыс әкімдігінде өткен жиында кеңінен талқыланды. Кеңестің жұмысына Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының өкілдері қатысып, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша ойларымен бөлісті. Ғылыммен тығыз байланыс орнатудың маңыздылығы айтылды. Бұл жол әлеуетін арттыруға, ондағы келеңсіз жағдайларды азайтуға себепші болмақ.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо