Өткен жексенбіде облыстың 7 ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Бәйтерек, Жаңақала, Сырым және Шыңғырлау аудандарындағы саяси науқан жергілікті әкімдердің өкілеттік мерзімінің аяқталуына және уақытынан бұрын тоқтатылуына байланысты ұйымдастырылды. Сырым ауданының қос округінде сайлауға қатысушылардың белсенділігі жоғары болды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо