Өскелең ұрпақ бақытты және берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылды. Жолдауды тікелей эфирден тыңдаған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұжымы мен білім алушылары оның ауқымы кең, мазмұны бөлек екенін айтты. Жаңа міндеттерді жүзеге асыруға жұмыла үлес қосатындықтарын жеткізді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо #Жолдау2025