Қазақтың қара домбырасына бүгінде түрлі этнос өкілдерінің қызығушылығы жоғары. Ұлттық аспаптың үніне қызығып, еркін ойнай білсем деген өрендер баршылық. «Жұманың жарқын сюжеті» айдарының кезекті кейіпкері – домбыраның құлағында ойнайтын Тимофей Цыганов. Қазақтың төл өнерін дәріптеп жүрген жеткіншек 20-дан астам күй біледі. Арна тілшісі Гүлден Аюпова талабы таудай оқушының талантына куә болып қайтты.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо #достықбірлікынтымақ