Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында осындай тапсырма берді. Сондай-ақ, қазіргі құзырлы министрлік негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажеттігін айтты. Салаға қажетті мамандар дайындайтын «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұжымы бұл бастаманы қызу қолдап отыр. Жергілікті ғалымдар түрлі салаға нанотехнологияларды енгізу, өндірісті цифрландыру бағытындағы ғылыми ізденістерін жалғастыра бермек.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо #Жолдау2025