Сабантой – татарлар мен башқұрттардың мәдени мұрасының маржаны саналатын жарқын мерекелердің бірі. Көктемгі дала жұмыстарының аяқталуын білдіретін мейрам қалалық мәдениет және демалыс саябағында сән-салтанатымен аталып өтті. Шаһар тұрғындары мен қонақтары бауырлас халықтардың бай дәстүрі мен әдет-ғұрпына қанықты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо