Сырымдық шаруалар мал азығын дайындау науқанына қызу кіріскен. Басты міндет – жаздың әр күнін тиімді пайдаланып, қажетті қорды молынан жинап алу. Аудандағы іргелі шаруашылықтың бірі – «Балауса» шаруа қожалығында науқан ойдағыдай өтуде. Басты меже 3 мың орам шөпті қыстақ басына үйіп алу болып отыр.