Елімізде төл әдебиетіміздегі таңдаулы 100 туындыны анықтауға арналған сауалнама жалғасуда. Жалпыұлттық жобаға Жайық жұртшылығы да жаппай қатысып жатыр. Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Ұлы елдің мұрасы – таңдаулы кітаптарда» деген атаумен кездесу кеші өтті. Шарада қатысушылар сүйікті авторлары мен шығармалары туралы пікірлерімен бөлісті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо