Орал қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы жалғасуда. Тұрғындар аулаларды жөндеу, балалар ойын алаңдарын салу, аумақтарды абаттандыру бойынша ұсыныстарын жолдауда. Жобаның тиімділігін арттыру үшін қалалық әкімдіктің интернет ресурсында арнайы парақша ашылған.