Ақжайық ауданы Алғабас ауылында Жеңістің 80 жылдығына орай дала қызықтары ұйымдастырылды. 3 түрлі қашықтықта өткен бәйге жүлдесіне қос бірдей темір тұлпар, қомақты сыйақы тігілді. Жиналғандар айтыскер ақындардың өнерін тамашалап, білекті де жүректі жігіттер қазақ күресі мен асау үйретуден сынға түсті. «Madiyar cup – 2025» атауымен шымылдығы түрілген ауқымды іс-шараға өңірімізден өзге көрші Ресей елінен және Астана қаласы, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарынан спортшылар қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #зко