Облыс әкімі тауарлы сүт фермаларының құрылысына зер салды. Қазіргі таңда өңірде 400 басқа арналған 3 ферма мен 700 сиыр сауылатын 1 агрокешен салынып жатыр. Аймақ басшысы инвестициялық жобаларды кестеден кешіктірмей, сапалы атқару бойынша нақты тапсырмалар берді.