«Сөздің емес, істің адамдарымыз». Осылай ұран тастаған «Дала қырандары» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің өңірдегі өкілдері Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің ауласын абаттандыруға атсалысып, жаттығу орындарын ретке келтірді. Мақсат — қоғамдағы жауапкершілікті арттыру, еңбек және салауатты өмір салтын насихаттау.