Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасында еңбек ардагері, «Зерде» қоғамдық қорының төрағасы Қуанышбай Төлебаевтың «Өнеге. Аманат» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, оқырмандар қатысты.