Оралдағы «Зенит» зауытында шығарылған «Семей» шағын күзет кемесі суға түсірілді. Жоба ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тапсырысы аясында жүзеге асырылды. Салтанатты рәсімге аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Тұрлыбаев, облыстық мәслихат депутаттары, тапсырыс берушілер, зауыт қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.