Синоптиктер алдағы тәуліктерде өңірде ауа температурасы 10-16 градусқа дейін жоғарылайтынын айтады. Бұл өз кезегінде қардың қарқынды еруі мен өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне әкеліп соғуы мүмкін. Қалалық әкімдік жанындағы жедел штаб отырысында тасқынның алдын алу шаралары пысықталып, алдағы міндеттер нақтыланды.