Кейінгі 5 жылда жергілікті атқарушы органдардың тапсырысына сәйкес автокөлік жолдары бойынша 195 жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Алайда олардың 68-і іске асырылмаған және қазір қолдану мерзімі өтіп кеткен. Салдарынан бюджеттен бөлінген 271 млн теңге негізсіз жұмсалды. Алаңдатарлық статистиканы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік департаментінің өкілі кезекті брифингте айтты. Спикер заң мен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған жол картасы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #заңментәртіп