2019-2022 жылдары өңір аудандары мен Орал қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант алушылар жалпы сомасы 63 млн теңгеден астам қаржыны мақсатсыз пайдаланғаны жөнінде 121 дерек анықталған. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңестің отырысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өңірлік департаментінің басқарма басшысы хабарлады. Жиында сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру жүйесін ваучерлік қаржыландыру қанатқақты жобасына қосу, елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы мәселелер қаралды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв