Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту – жергілікті атқарушы билік алдындағы маңызды міндет. Әсіресе әлеуметтік осал топтағы отбасыларға басымдық беріледі. Биыл өңірде осы мақсатта 758 үй бой көтерді. Жаңа жыл қарсаңында теректілік 48 жанұя қоныс тойын тойлады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв