Орал қаласының Деркөл кентінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған білім ордасы ашылды. 1500 орынға лайықталған мектеп заманауи оқу кабинеттері, шеберханалар, спорт және мәжіліс залдары, сондай-ақ коворкинг орталығынан тұрады. Нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, кент тұрғындары мен ұжымды құттықтады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв