10 желтоқсан – Адам құқықтары күні. Бұл дата БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдаған күнімен байланысты. Бүгін елімізде «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аяқталды. Осыған орай «Достық» үйінде «Отбасылық бақыт үшін» атты конференция өтті. Басқосуға облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жастар қатысты.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #заңментәртіп