Облыста жыл басынан бері 180 адам интернет алаяқтардың құрбаны болған. Қулығына құрық бойламайтындар жаңа айла-тәсілдерді меңгеріп, жұртты жиған-тергенінен айырып жатыр. Кейінгі уақытта қаражатынан қағылып, құзырлы құрылымның көмегіне жүгінетіндер көбейді. Басым бөлігі жалған хабарламалар мен күмәнді сілтемелерге сеніп, аһ ұрып қалғандар. Полиция қызметкерлері алдын алу шараларын күшейтіп, сауда орындарында түсінік жұмыстарын жүргізді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо