Бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оған қолдау көрсетудің кешенді бірыңғай бағдарламасын әзірлеу – мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 34,2 пайызды құрап отыр. Бұл бағыттағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте айтылды. Аймақ басшысы төрағалық еткен жиында сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының орындалуы туралы есеп тыңдалды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо