Бүгін таңғы тоғыздар шамасында Оралдың орталық көшелерінің бірінде құбыр жарылды. Салдарынан жол бойы суға толып, көлік қозғалысы қиындады. 650 абонент салқын судан ажыратылды.

Айта кетейік, апаттық-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Мұхит көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі Ықсанов көшесінің жол учаскесі уақытша жабылды. Жол бетіне шыққан суды сору жұмысын «Батыс Су Арнасы» ЖШС өз күшімен жүргізуде. «Жайық Таза қала» ЖШС жолды тазартады және құм-тұз қоспасын пайдалана отырып, көктайғаққа қарсы шараларды қолданып жатыр. Мұнан соң Ықсанов көшесіндегі жол учаскесі ашылады, алайда Кердері көшесінен Ықсанов, Сейфуллин көшесіне дейінгі жол жабық күйінде қалады. Автобус маршруттары Сарайшық көшесі бойынша жабық учаскені айналып өтеді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо