Киіктердің дүниежүзілік таралымының 90 пайыздан астамы Қазақстанда мекендейді. Олардың Бетпақдала, Орал және Үстірт сияқты үш популяциясы бар. Бүгінгі таңда Орал популяциясының саны шамамен бір млн бастан асты. Бұл жайылымдар мен суаттар үшін ауыл шаруашылығы жануарларымен киіктердің бәсекелестігінің артуына алып келді. Бұл мәселе министрлікпен және жергілікті басқарма мамандарының араласуымен қолға алына бастады. Осы мақсатта Казталов ауданының орталығында халықаралық деңгейде семинар өткізілді.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо