Өңірде жаңа өндіріс орындарының ашылуы немесе қайта жаңғыртылуы жағымды үрдіске айналып келеді. Өткен жылы облыс бойынша құны 20 млрд теңгені құрайтын 18 инвестициялық жобаның жүзеге асуы сөзімізге айқын дәлел. Солардың бірі – қайта жаңғырған керамикалық кірпіш шығаратын зауыт. Екінші тынысы ашылған бұл өндіріс орнында жылына 30 млн дана кірпіш өндіріледі. Зауыт толық қуатында жұмыс істеуі үшін инвестор 30 млрд теңге қаржысын жұмсайды. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо