Адалдық - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Өскелең ұрпаққа адалдық қасиетін дарыту - білім мекемелерінің де басты міндеттерінің бірі. 2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес дағдыларын мектеп қабырғасында қалыптастыру мақсатында жаңа жоба қолға алынған болатын. «Адал ұрпақ» еріктілер клубы 2016 жылдан бастап барлық орта мектептерде құрылып, жұмысына кірісті. Ал, Оралдағы Оқушылар сарайында «Адал ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі» атты облыстық форум өткізілді. Жиынға облыс орталығы мен барлық ауданнан еріктілер клубының белсенділері қатысты.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо