Адал еңбегімен Ақжайық ауданының шежіресінде қатталған, ҚР  білім беру ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Меңзипа Жұматованың есімі өңірге танымал. Осы ауданда 20 жыл әкімнің орынбасары лауазымын атқарған жан үнемі қоғамдық жұмыстардың да бел ортасынан көрініп, жастарға үлгі-өнеге көрсетуден жалыққан емес.«Ізгілік іздері» атты кезекті кездесу Ақжайық ауданының орталығында өткізіліп, ауыл тұрғындары тамаша жүздесудің куәсі болды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо