2022 жылы мемлекет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында үкіметке халықтың әл-ауқатын жаңсартуға бағытталған іс-шаралардың тізімін ұсынуды тапсырған болатын. Осы тапсырма аясында халықтың, әсіресе ауылдағы ағайынның тұрмысын жақсартуға арналған «Ауыл аманаты» жобасы бастауын алды. Қазіргі таңда жобаны іске асыру мақсатында жер-жерде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо